Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2026 10:05 Фото: freepik
Қарағанды облысында CVK қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған С.Ш. Қайырбаев сотталды. Оған мүлкін тәркілей отырып, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі істің мән-жайын жариялады.

Жоба қатысушыларына құны 120 доллардан 49 мың долларға дейінгі виртуалды дүкендерді сатып алу үшін USDT криптовалютасымен ақша салу ұсынылған. Оның орнына күнделікті табыс пен жаңа салымшыларды тартқаны үшін қосымша бонустар уәде етілген.

Алайда виртуалды дүкендерде орналастырылған тауарлар іс жүзінде болмаған. Ал табыс табу жаңа қатысушыларды тартуға және олардың ақша салуына тікелей байланысты болған.

Салымшылардың қаражаты USDT криптовалютасымен OKX платформасы арқылы электронды әмияндарға аударылған.

"Жедел іс-шаралар нәтижесінде 474 мың USDT көлеміндегі криптоактивтер бұғатталды. Бұл 212 млн теңгеге тең", – делінген ҚМА хабарламасында.

Сот үкімімен аталған цифрлық активтер мемлекет кірісіне тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

Бірнеше күн бұрын ҚМА Түркістан облысында электронды цифрлық қолтаңба мен жалған жеке кәсіпкерлерді пайдалану арқылы бюджеттен 103 млн теңге ұрланғанын хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: