Алматыда Mercedes бірнеше көлікпен соқтығысып, арыққа аударылды

Алматыда Mercedes бірнеше көлікпен соқтығысып, арыққа аударылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 17:30 Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 21 қыркүйекте Алматыдағы Шығыс айналма автомобиль жолында (ШААЖ) Mercedes E-Class, Toyota Highlander және Nissan Pathfinder көліктері қатысқан жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, үш көлік те солтүстік бағытта қозғалған. Куәгерлердің айтуынша, 2002 жылы туған жас жігіт басқарған Mercedes жүргізушісі көлікті агрессивті жүргізіп, жолақтан жолаққа күрт ауысқан.

Алматыда Mercedes бірнеше көлікпен соқтығысып, арыққа аударылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 17:30

Сурет: Zakon.kz

Алайда мұндай қозғалыс ұзаққа созылмаған. Бір сәтте Mercedes көліктердің арасындағы орынға сыймай, Toyota Highlander-мен соқтығысқан. Соққыдан кейін екі көліктің де жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.

Алматыда Mercedes бірнеше көлікпен соқтығысып, арыққа аударылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 17:30

Сурет: Zakon.kz

Toyota инерциямен сол бағытта келе жатқан Nissan Pathfinder-ге соғылған. Салдарынан үш көлік те жолдан шығып кеткен.

Алматыда Mercedes бірнеше көлікпен соқтығысып, арыққа аударылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 17:30

Сурет: Zakon.kz

Mercedes жол жиегіндегі арыққа аударылып түсіп, жол бойындағы белгіні қағып кеткен. Ал Toyota мен Nissan да жолдан шығып, арықтан "секіріп өтіп", оның үстінде салбырап қалған.

Жол апатынан Toyota көлігінің жолаушысы зардап шекті. Ол ауруханаға жеткізілді.

Алматыда Mercedes бірнеше көлікпен соқтығысып, арыққа аударылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 17:30

Сурет: Zakon.kz

Қазір ШААЖ-дың солтүстік бағытында бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды. Көліктердің өзі жол қозғалысына айтарлықтай кедергі келтіріп тұрған жоқ.

Алайда апат салдарын көру үшін тоқтап немесе жылдамдығын бәсеңдеткен жүргізушілер кептелістің пайда болуына себеп болып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: