Доптың соңынан барған: Астанада жеті жасар бала құтқарылды

Астанада допты алмақ болған бала темір торға қысылып қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 10:02 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Астананың Байқоңыр ауданында аулада ойнап жүрген жеті жасар баланың добы жертөлеге жарық түсіретін ойықтың қоршауына түсіп кеткен. Допты өзі алмақ болған бала темір тордың арасына қысылып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары арнайы құралмен тордың темір шыбықтарын кесіп, баланы абайлап босатты.

Баланың жағдайы жақсы, медициналық көмек қажет болмады.

Бұған дейін Есілден бір баланың санитариялық авиация тікұшағымен Көкшетауға жеткізілгені хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: