"Қан тамырларына ұқсайды": Алматы тауларының үстіндегі сирек найзағай кадрға түсті

Туча, тучи, штормовое предупреждение, сильный ветер, шквал, буря, молнии, молния, гроза, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 09:53 Фото: pixabay
Белгілі фотограф Дмитрий Доценко оқырмандарын тағы да таңғалдырды. Ол 2026 жылғы 22 қыркүйекте Алматы тауларының үстіндегі аспанды тұтас қамтыған алып найзағайдың суретін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Доценконың айтуынша, биыл найзағай ойнаған күндер көп болмаған. Соған қарамастан ол бірнеше қызықты кадр түсіріп үлгерген.

Фотографтың Instagram желісінде жариялаған панорамалық суретінде түнерген аспанды тілген алып найзағай көрінеді. Ол тау шыңына түсіп, тауларды ерекше, тіпті тылсым реңкке бөлеген.

"Көрініс керемет болды! Осы сәтті фотоаппаратқа түсіріп үлгергенімді түсінгенде қатты қуандым", – деді Дмитрий Доценко.

Фотограф найзағайдың шамамен қанша қашықтықта болғанын қалай анықтағанын да айтып берді.

"Найзағай жарқ еткеннен кейін фотоаппараттың қақпағы жабылды, мен секундтарды санай бастадым: бір, екі, үш… 15-секундта күннің бәсең күркірегенін естідім. Осы арқылы найзағайға дейінгі қашықтықты шамамен анықтауға болады. Дыбыс секундына шамамен 340 метр жылдамдықпен таралады, яғни 15 секундта бес шақырымдай жол жүреді. Бұл – найзағайдың өзіңнен қаншалықты алыста екенін бағалаудың бұрыннан белгілі тәсілі", – деді Дмитрий Доценко.

Фотографтың оқырмандары оның жұмыстарына таңданыстарын білдірді:

  • "Әр жолы суреттеріңізді көргенде: "Бұдан кереметі бола қоймас" деп ойлаймын. Бірақ сіз тағы да таңғалдырасыз!"
  • "Бір мезетте әрі әдемі, әрі қорқынышты. Найзағай ойнағанда үйде отырып, ыстық шай ішкенді жөн көремін. Біз үшін осындай әдемі сәттерді түсіргеніңізге рақмет".
  • "Кадр көз тартады".
  • "Адамның қан тамырларына ұқсайды: веналар мен қылтамырлар сияқты".
  • "Осындай сирек кадрларды қалай түсіресіз? Қай уақытта, қай жерде болу керегін білетін сиқыршы секілдісіз".

Желі қолданушыларының бірі суреттің қашан түсірілгенін сұрады.

"Биыл жазда, маусым айында түсірдім. Таудағы сайларда қардың қалдығы әлі көрініп тұр", – деп нақтылады Доценко.

Айта кетейік, синоптиктердің болжамынша, 2026 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстанның шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерінде найзағай ойнауы мүмкін. Тұрғындар оны көріп, тіпті кадрға түсіріп үлгеруі ықтимал.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: