Жалақы да, қызметтік көлік те жоқ: Халық Кеңесіндегі жұмыс шарттары айтылды

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 10:48 Фото: Zakon.kz
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Мұрат Әбенов 2026 жылғы 24 қыркүйекте Тәуелсіздік сарайының кулуарында кеңес мүшелеріне жалақы төлене ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстан Халық Кеңесі – жоғары консультативтік орган. Кеңес мүшелері жылына кемінде екі рет жиналады.


"Халық Кеңесінің мүшелері жалақы алмайды. Мұнда ешкім қандай да бір лауазым атқармайды, біз мемлекеттік қызметші болып саналмаймыз. Бізге жеке кабинет те, көлік те бекітілмейді. Әрқайсымыз өз жұмысымызды жалғастырамыз. Кеңестегі қызмет толықтай қоғамдық негізде, ақысыз атқарылады", – деді Мұрат Әбенов.

Бұған дейін, 2026 жылғы 17 қыркүйекте қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Қазақстан Халық Кеңесіне бөлінуі жоспарланған 1,7 млрд теңгенің қандай мақсатқа жұмсалатынын және оның өкілдерінің нақты жалақысы неліктен жарияланбағанын түсіндірген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: