Тоқаев: Жаңа Конституцияның қабылдануы – әлем тарихында өте сирек кездесетін жағдай

Конституция РК, День Конституции РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 11:25 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы конституциялық реформаның қалай жүзеге асқанын айтып, жаңа Конституцияның қабылдануы халықаралық қауымдастықтың қызығушылығын тудырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың telegram-арнасында жарияланды.

Президенттің айтуынша, бұл маңызды үдеріс осыдан тура бір жыл бұрын басталған.

"Мен былтырғы халыққа Жолдауымда бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтердім", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның сөзінше, бұл ұсыныс қоғамда кеңінен талқыланып, ашық пікірталас өткен. Азаматтар тарапынан мыңдаған ұсыныс пен пікір айтылған.

Мемлекет басшысы осы талқылаулардың нәтижесінде кейінгі 30 жылда болмаған ауқымды конституциялық реформа жүзеге асқанын атап өтті.

2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау жөнінде жалпыұлттық референдум өтті. Референдум қорытындысымен қабылданған Конституция 1 шілдеден бастап күшіне енді.

Тоқаевтың айтуынша, бұл оқиға халықаралық қауымдастық тарапынан да қызығушылық туғызған.

"Қазіргі кездегідей бұлыңғыр, тұрақсыз әлемде жаңа Конституцияның қабылдануы бүкіл дүние жүзі тарихында өте сирек кездесетін жағдай деп айтуға болады", – деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы бірқатар шетелдік саясаткерлер мен сарапшылар Қазақстандағы өзгерістерге баға бергенін айтты.

"Беделді саясаткерлер мен сарапшылар Қазақстанның бұл қадамын шын мәнінде бірегей саяси оқиға деп бағалап, мұны батылдық пен жасампаздықтың жарқын көрінісі ретінде мойындау қажет екенін бірауыздан айтуда", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңа Конституцияға сәйкес Қазақстанның екі палаталы Парламентінің орнына бір палаталы Құрылтай құрылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: