Тоқаев: таза әрі тиянақты орта қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз

Кольсайские озёра, озеро Кольсай, туризм в Казахстане, туристы, туристические места в Казахстане, природа Казахстана, развитие туризма в Казахстане, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 12:34 Фото: pexels
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында қоршаған ортаны қорғау, елді көгалдандыру және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы тазалық пен тәртіп әрдайым басты назарда болуға тиіс екенін айтты. Оның сөзінше, "Таза Қазақстан" жалпыұлттық қозғалысы арқылы қоғамның табиғатқа және айналасына деген көзқарасы өзгеріп келеді.

"Табиғатқа немқұрайлы қарауға, бейқам болуға, бұл мәселеде ешқандай қатігездікке жол беруге болмайды. Адам мен табиғат – егіз. Біз қоршаған ортаға қамқор болуымыз керек", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев қалалардың сәулеті мен келбетінен халықтың мәдениеті мен құндылықтары көрінетінін атап өтті. Оның айтуынша, елдің таза әрі тартымды болуы азаматтардың көңіл-күйі мен әлеуметтік жағдайына әсер етіп, экономикалық өсімге де ықпал етеді.


"Сондықтан елімізді жаппай көгалдандыру, тазалықты сақтау, заң мен тәртіпті бұзбау – мемлекеттік маңызы бар міндеттер. Біз бір күннің қамы үшін емес, болашақ ұрпақтың жарқын болашағы үшін осы жұмыспен белсенді түрде айналысуымыз керек", – деді Мемлекет басшысы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: