Ұлытауда XXXIV республикалық "Ұлытау үні" фестивалі басталды

Ұлытауда XXXIV республикалық «Ұлытау үні» фестивалі басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 16:42 Сурет: Ұлытау облысы әкімдігі
Ұлытау төрінде халық шығармашылығының республикалық XXXIV дәстүрлі "Ұлытау үні" фестивалі өз шымылдығын ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық өнерді ұлықтаған мәдени шараға еліміздің әр өңірінен өнерпаздар, өнер саласының майталмандары, шығармашылық ұжымдар мен қонақтар жиналды.

Ұлытауда XXXIV республикалық , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 16:42

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігі

Фестивальдің ашылу салтанатында Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен қатысушылар мен қонақтарға құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық өнерді сақтау мен дамыту, дәстүр сабақтастығын жалғастырудың маңызын атап өтті.

Ұлытауда XXXIV республикалық , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 16:42

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігі

Үш күнге жоспарланған фестиваль аясында дәстүрлі ән, жыр, терме, айтыс, эстрада және аспаптық өнер бағыттары қамтылады. Сонымен қатар жас таланттар мен тәжірибелі өнерпаздардың басын қосатын түрлі байқау ұйымдастырылады.

Ұлытауда XXXIV республикалық , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 16:42

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігі

Фестивальді тарихи іс-шараның бастау алған сәтінен қатысқан өнер майталмандары бастап, бүгінгі буын өнерпаздары жалғады.

Ұлытауда XXXIV республикалық , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2026 16:42

Сурет: Ұлытау облысы әкімдігі

Фестиваль бағдарламасы алдағы үш күн бойы Ұлытау облысының өнер және мәдениет нысандарында жалғасады. Бүгін сағат 11:00-де дәстүрлі ән байқауы өтсе, Жезқазған қаласындағы "Шабыт" балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында Әлихан Бөкейхановтың 160 жылдығына арналған мультиаспапшылар байқауы ұйымдастырылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: