Каспийдегі қайғылы оқиға: үш әскери қызметшінің денесі арнайы рейспен Оралға жеткізілді

Каспийдегі қайғылы оқиға: үш әскери қызметшінің денесі арнайы рейспен Оралға жеткізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2026 12:43 Сурет: Telegram/modgovkz
Бүгін, 2026 жылғы 25 қыркүйекте, Маңғыстау облысында Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан үш әскери қызметшінің денесі арнайы рейспен Оралға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады:

"Сағат 08:45-те Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан батысқазақстандық әскери қызметшілер Жеңіс Темірғалиев, Өмірбек Өмірзақ және Ақжайық Ғилаждың денесі арнайы рейспен Орал әуежайына жеткізілді".

Әкімдіктің мәліметінше, қаза тапқан әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі мен жерлеу 26 қыркүйекте өтеді.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қаза тапқандардың отбасыларына жергілікті атқарушы органдар материалдық көмек көрсетеді. Сонымен қатар кәсіпкерлер де қолдау білдіреді. Жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін барлық қажетті шара қабылданып жатыр". БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Әкімдік бұл мәселе облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің жеке бақылауында екенін мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: