Бозжырадағы әрекеті үшін шетелдік қыз елден кеткеннен кейін де жауапқа тартылуы мүмкін

Бозжырада әжет сындырған шетелдік Қазақстаннан кетіп қалды, бірақ жазасыз қалмауы мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2026 15:36 Сурет: Маңғыстау ПД
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Бозжыра шатқалында камераға әжет сындырған шетелдік туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол видео әлеуметтік желіде тарағаннан кейін қазақ қоғамында резонанс тудырды. Көпшілік шетелдік қонақтың әрекетіне наразылық білдірді.

"Әлеуметтік желілерден мемлекеттік табиғи қорық аумағында ұсақ бұзақылық жасаған қыздың видеосы анықталды. Полиция қызметкерлері құқық бұзушылық жасаған шетелдік азаматшаның жеке басын анықтады", – деп хабарлады облыстық ПД.

Тексеру барысында полиция видеоның Қазақстаннан шығып кеткеннен кейін жарияланғанын анықтаған.

"Жасалған құқық бұзушылық бойынша материалдар одан әрі тиісті дипломатиялық өкілдікке жолдау үшін Сыртқы істер министрлігіне жіберілді", – деп мәлімдеді полиция.

Полиция мәліметінше, қазір шетелдіктің Instagram парақшасы қолжетімсіз. Болжам бойынша, ол парақшасын өшіріп тастаған.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов 2026 жылғы 24 қыркүйекте бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, "Бұл сұмдық, ұят" екенін айтып, мұндай әрекетті ақтауға болмайтынын жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: