26 қыркүйекте елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Фото: unsplash
2026 жылғы 26 қыркүйек, сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жауын-шашын атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты болжанып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, елдің батысында ғана жауын-шашын болмайды. Бұл өңірде ауа райына антициклон жотасы әсер етеді.
Республика бойынша жел күшейеді. Ал күндіз оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін.
"Түнде және таңертең солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталық өңірлерде тұман күтіледі". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Сонымен қатар бірқатар өңірде өрт қаупінің жоғары және төтенше деңгейі сақталады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript