22 сәуірде Қазақстанда найзағай мен тұман күтіледі

Туча, тучи, штормовое предупреждение, сильный ветер, шквал, буря, молнии, молния, гроза, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2026 17:39 Фото: pixabay
2026 жылғы 22 сәуір, сәрсенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің оңтүстік-батысында және оңтүстіктің таулы аймақтарында кей жерлерде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.

Ал Қазақстанның солтүстік-шығысы мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, кей өңірлерде желдің күшеюі болжанады.

"Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында ауа температурасы -3°C-қа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Бірқатар өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Жоғары өрт қаупі бар аймақтар:

  • Жамбыл облысының батысы;
  • Жетісу облысының солтүстігі мен шығысы;
  • Түркістан облысының батысы;
  • Абай облысының орталығы.

Төтенше өрт қаупі бар аймақтар:

  • Жетісу облысының оңтүстігі;
  • Түркістан облысының қиыр батысы.

Бұған дейін Алматыдағы Сайран көліне су жинала бастағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: