Шымкентте белгілі асабадан есірткіге ұқсас заттар тәркіленді

Шымкентте белгілі асабадан есірткіге ұқсас заттар тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2026 18:16 Сурет: видео скрині
Шымкент қаласындағы қонақ үй кешендерінің бірінде полиция қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен белгілі асабаны ұстады. Ол Астана қаласының 36 жастағы тұрғыны С. есімді азамат болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тінту барысында қонақ үй бөлмесінен ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған полимерлі пакет және өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.

Ер адаммен бірге, алдын ала мәлімет бойынша интимдік қызмет көрсететін әйел болған.

Ұсталған азамат тәркіленген заттардың мефедрон және "мак" екенін, оларды жеке қолдану үшін сатып алғанын көрсетті.

Тәркіленген заттардың нақты құрамы мен мөлшері анықталып жатыр.

Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: