Жол апатынан 21 жастағы қазақстандық екі аяғынан айырылды: кінәлі жүргізуші рақымшылыққа ілікті

Полиция, заявление, уголовное дело, уголовное обвинение, уголовная статья, уголовные дела, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2026 22:00 Фото: Zakon.kz
Арыс әкімінің ұлы Павлодар облысында болған, 21 жастағы студент ауыр жарақат алған жол апатына қатысты іс бойынша рақымшылыққа ілікті. Жол апаты мамыр айында Астана – Павлодар тасжолында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 25 қыркүйекте "Алматы" телеарнасының сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, студент Талғат Емел Астанадан ата-анасына таксимен бара жатқан. Көлік жол жиегіндегі тосқауылға соғылып, салдарынан үш адам зардап шеккен.

Ең ауыр жарақатты 20 жастағы студент алған. Апат салдарынан оның екі аяғын да кесуге тура келген. Кейін көлікті Арыс әкімінің 22 жастағы ұлы басқарғаны анықталған. Осыған байланысты жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Зардап шеккен азаматтың туыстары бұған дейін күдіктінің әкесінің ықпалы болуы мүмкін деп қауіптеніп, істі ерекше бақылауға алуды сұраған. Алайда қылмыстық іс рақымшылыққа байланысты тоқтатылған. Отбасы істің тоқтатылғанын жақында ғана білген.

"Қылмыстық іс аясында барлық қажетті тергеу амалдарының кешені жүргізілді. Олардың нәтижесінде жүргізушінің кінәсі толық дәлелденді. 1 шілдеде "Жаңа Конституцияны қабылдауға байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды. Оның қолданысына ҚР ҚК-нің 345-бабы да кірді. Осыған байланысты Павлодар облысы Полиция департаментінің анықтау органы заңнамада көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарып, оны прокуратураға жолдады", – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: