"Болашақ бүгіннен басталды": Семей көшелерінде полициямен бірге робот-иттер қызмет атқарады

Абай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін заманауи технологиялар енгізіле бастады. Енді Семейдің көшелері мен қоғамдық орындарында полиция қызметкерлерімен бірге робот-иттер де патруль жүргізеді, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2026 09:15 Сурет: Абай облысының ПД
Абай облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін заманауи технологиялар енгізіле бастады. Енді Семейдің көшелері мен қоғамдық орындарында полиция қызметкерлерімен бірге робот-иттер де патруль жүргізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлері жаңа құрылғыны қала тұрғындарына алғаш рет Семейдің орталық алаңында таныстырды. Төрт аяқты робот жұртшылықтың, әсіресе балалар мен жастардың қызығушылығын тудырды. Көпшілік оның мүмкіндіктерімен танысты.

Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, робот-иттер қоғамдық орындарды патрульдеуге, жағдайды бақылауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі.

Бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған құрылғы айналасындағы жағдай туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде жинап, жедел басқару орталығына жібере алады. Сондай-ақ ол күдікті заттарды анықтап, түтін мен өрт белгілерін тіркейді. Қауіпті жағдай туындаса, шұғыл қызметтерге автоматты түрде дабыл жолдайды.

"Робот-ит адамның орнын басу үшін емес, қоғамдық қауіпсіздікті күшейтіп, полиция қызметкерлерінің жұмысын жедел әрі тиімді ету үшін арналған", – деп мәлімдеді Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жуырда ғана болашақтың көрінісіндей болған технология енді қоғамдық орындардағы күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналып келеді.

Бұған дейін, 2026 жылғы 22 қыркүйекте, Жапония үкіметі қорғаныс саласында адамға ұқсас роботтарды қолдану бойынша ауқымды зерттеу жүргізу мүмкіндігін қарастырып жатқаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: