Нөсер жаңбыр, найзағай және қар: 2 қазанда ауа райы қандай болады

Туча, тучи, штормовое предупреждение, сильный ветер, шквал, буря, молнии, молния, гроза, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2026 19:01 Фото: pixabay
2026 жылғы 2 қазан, жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз кей жерлерде найзағай ойнауы мүмкін. Ал оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі, кей уақыттарда жауын-шашын мол түсуі мүмкін.

"Қазақстан бойынша жел күшейеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Атырау, Маңғыстау және Павлодар облыстарында, Абай облысының солтүстігі мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының орталық бөлігінде, сондай-ақ Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда және Алматы облыстарының жекелеген аудандарында өрт қаупі жоғары болады деп болжанып отыр.

Өрт қаупі төтенше деңгейге Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Ұлытау және Жетісу облыстарында жетеді. Сонымен қатар бұл қауіп Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары мен Абай облысының жекелеген аудандарында сақталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: