Тоқаев Корея Республикасының Президентін құттықтады

Тоқаев Корея Республикасының Президентін құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2026 11:54 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Ұлттық күніне орай Президент Ли Чжэ Мёңге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент корей халқының бай тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық бірлігі мен ынтымағын ұлықтайтын айтулы күннің маңызына айрықша тоқталып, екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастық жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өткен.

"Жақында Сеулге жасаған сапар барысында екіжақты қарым-қатынасымызды болашаққа бағдарланған жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтердік. Бұл шешім достық пен берік әріптестікке негізделген қазақ-корей ықпалдастығын халықтарымыздың игілігі үшін өрістете беретініне кәміл сенемін", – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас корей халқына баянды өркендеу мен құт-береке тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: