Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының президентін құттықтады

Құттықтау жеделхаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2024 21:02 Сурет: Ақорда
2024 жылы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент То Ламды Вьетнам Социалистік Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Президенті өз жеделхатында Вьетнамның өркендеген мемлекет және үйлесімді қоғам құру жолында айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті. Мемлекет басшысы екі ел арасында өзара сенім мен серіктестікке негізделген достық байланыс орнағанына тоқталды. Сонымен қатар елдеріміздің игілігі жолында нәтижелі ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілді екенін растады, делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Вьетнам халқына бақ-береке тіледі.

Айта кетсек, 31 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровты, сондай-ақ Малайзия Королі Сұлтан Ибрагимді Тәуелсіздік күндерімен құттықтап, жеделхаттар жолдады.

Ал 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Словакия Президенті Петер Пеллегрини мен словак халқын Конституция күнімен құттықтап, арнайы жеделхат жолдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: