Тоқаев Словакия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Құттықтау жеделхаты, Қасым-Жомарт Тоқаев, Словакия Президенті, Петер Пеллегрини, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2024 12:04 Сурет: Ақорда
2024 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Президенті Петер Пеллегрини мен словак халқын Конституция күнімен құттықтап, арнайы жеделхат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент құттықтау жеделхатында Cловакия Конституциясының қағидаттары алдағы уақытта да елдің өркендеуі мен тұрақты дамуының мызғымас кепілі ретінде қызмет ете беретініне сенім білдірді, делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегринидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас словак халқына құт-береке тіледі.

Айта кетсек, 31 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровты, сондай-ақ Малайзия Королі Сұлтан Ибрагимді Тәуелсіздік күндерімен құттықтап, жеделхаттар жолдады.

1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: