Ауруханада балағат сөз айтқан қазақстандық әйелге айыппұл салынды
Фото: akorda.kz
Оралда әйел облыстық ауруханада ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Орал тұрғыны облыстық аурухананың кезекші дәрігерімен жанжалдасып қалған. Ол балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, әйелдің жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйде болғаны анықталған. Іс сотқа жетті.
"Сот іс материалдарын зерттеп, құқық бұзушының әрекетіне тиісті құқықтық баға берді. Әкімшілік жаза тағайындау кезінде әйелдің асырауында үш баласы бар екені, олардың біреуі кәмелетке толмағаны ескерілді", – деп хабарлады 2026 жылғы 5 қазанда Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сотта осы жағдайды ескере отырып, әйелге әкімшілік қамақ қолданылмайтыны түсіндірілді. Сондықтан оған 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Бұған дейін тағы бір қазақстандық WhatsApp-тағы хат алмасуы үшін сотқа тартылған еді. Ол танысына оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтер жіберген. Нәтижесінде әйелге 500 мың теңгеге жуық айыппұл салынды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript