600 доллар ұсынған: Алматы облысындағы кортеждің тағы бір қатысушысы ұсталды

Жол ережесін өрескел бұзған кортеждің тағы бір қатысушысы қамауға алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2026 19:22 Сурет: polisia.kz
Алматы облысында полиция қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзып, басқа жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірген кортеждің тағы бір қатысушысын анықтап, жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласының 22 жастағы тұрғыны Диас Әділбековтің Шымкент қаласында жүргені анықталды.

Сот шешімімен ол 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Анықталғандай, Диас Әділбеков негізгі көліктің соңынан бірінші болып жеткен жүргізушіге 600 АҚШ доллары көлемінде сыйақы ұсынған. Кейін кортеж қатысушылары жалпы пайдаланымдағы жолдарда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, азаматтарға қауіп төндірген.

Бұған дейін полиция қызметкерлері осы дерек бойынша кортеждің басқа да қатысушыларын анықтап, оларды жауапкершілікке тартқан еді.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және кінәлі тұлғаларды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастырады.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жазаланған еді. Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбаны зерделеу барысында той кортежіне қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны және жолда авариялық жағдай туғызғаны белгілі болды. Полиция құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық жүргізушіні анықтады. Негізгі үш құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар — Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі Айдос Ногай, ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі Ринат Оналбеков және Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі Дамир Ихан. Үшеуі де Қарасай ауданының тұрғындары.Сот шешімімен олардың әрқайсысына 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: