"Қауесетке сенбеңіздер": Қарағанды тұрғындарын 8 қазанда үрейге бой алдырмауға шақырды

Алдағы бейсенбіде Қарағандыда халықты құлақтандыру жүйесі тексеріледі. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын үрейге бой алдырмауға және қауесетке сенбеуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2026 09:54 Сурет: primeminister.kz
Алдағы бейсенбіде Қарағандыда халықты құлақтандыру жүйесі тексеріледі. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын үрейге бой алдырмауға және қауесетке сенбеуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті хабарландыру бүгін, 2026 жылғы 7 қазанда, Қарағанды облысы әкімдігінің сайтында жарияланды.

"8 қазанда сағат 10:00-де Қарағандыда қолда бар барлық дыбыстық электр дабылы іске қосылады. Тексеру "Баршаның назарына!" сигналы бойынша жүргізіледі".

Әкімдіктің түсіндіруінше, дабылдар аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеруге арналған кешенді оқу-жаттығу барысында қосылады.


"Қала тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтауды, үрейге бой алдырмауды, қауесетке сенбеуді, сондай-ақ ресми хабарламаларды елеусіз қалдырмауды сұраймыз", – делінген Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

2026 жылғы 5 қыркүйекте Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарды сабыр сақтауға шақырған еді. Министрлік 12–19 қыркүйек аралығында Жетісу облысындағы "Көктал" полигонында ҰҚШҰ-ның "Шеп-2026" бірлескен оқу-жаттығуын өткізу жоспарланғанын хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: