Қарағанды облысының тұрғындарынан 16 қыркүйекте сабыр сақтауды сұрады

Бүгін, 2026 жылғы 16 қыркүйекте Қарағанды облысында халықты құлақтандыру жүйесі тексеріледі. Сағат 10:55-те "Баршаның назарына!" сигналы бойынша электр сиреналары іске қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2026 12:43 Сурет: pexels
Бүгін, 2026 жылғы 16 қыркүйекте Қарағанды облысында халықты құлақтандыру жүйесі тексеріледі. Сағат 10:55-те "Баршаның назарына!" сигналы бойынша электр сиреналары іске қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті алаңдауға негіз жоқ екенін айтып, өңірдегі барлық дыбыстық электр сиренасы жоспарлы тексеру аясында қосылатынын нақтылады.

"Тексеру құлақтандыру жүйесінің дайындығын бағалауға мүмкіндік береді", – деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өңір тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтауды сұрайды.

Ал Алматыда алдағы күндері сиреналарды қосу жоспарланбаған. Қаладағы соңғы жоспарлы сейсмикалық жаттығу 2026 жылғы 14 мамырда өткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: