Әскер Бейсенов ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды
Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысының тиісті Жарлығын 2026 жылы 7 қазанда Ақорданың баспасөз қызметі жариялады:
Мемлекет басшысының өкімімен Әскер Құрманғалиұлы Бейсенов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Әскер Бейсенов 1978 жылғы 12 қазанда Петропавл қаласында дүниеге келген.
1999 жылы Ярославль жоғары әскери қаржы училищесін "Әскерлерді қаржылық қамтамасыз ету және әскери шаруашылық экономикасы" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша, ал 2014 жылы Қаржы академиясын "Менеджмент" мамандығы бойынша бітірген.
Қазақстан Қарулы күштерінде полковник Аскер Бейсенов Б. Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернат тәрбиеленушісінен ҚР Қорғаныс министрлігі Экономика және қаржы департаментінің бастығына дейінгі қызмет жолынан өтті. Әр жылдары бюджет жоспарлау, қаржы және аудит салаларында жауапты қызметтер атқарды. Сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық корпус құрамында қызмет етті.
2023 жылғы 24 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды.