Павлодарда ер адам КамАЗ кабинасында қысылып қалды

Павлодарда ер адам КамАЗ кабинасында қысылып қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2026 19:14 Сурет: видео скрині
Павлодарда құтқарушылар жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен ер адамға көмек көрсетті. Деров көшесінде болған жол апаты туралы хабарлама 112 қызметінің оператор пультіне түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жол апаты салдарынан зардап шеккен адам жүк көлігі — КамАЗ-дың зақымдалған кабинасында қысылып қалған.

Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары келді. Олар арнайы авариялық-құтқару құралдарының көмегімен зардап шеккен адамды зақымдалған кабинадан шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында ер адамға қажетті медициналық көмек уақытылы көрсетілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: