Иранның үш азаматына қатысты компанияның 2,3 мың гектар жері мемлекетке қайтарылды

Земельный участок, земельные участки, земля, землевладение, участок земли, участки земли, территория, территории, земельная доля, стоимость земли, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2026 19:45 Фото: freepik
Жетісу облысында Иранның үш азаматы құрылтайшысы болған компанияның заңсыз иелігіндегі 2,3 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды. Жер учаскелерінің жалпы құны шамамен 50 млн теңге, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында Ескелді ауданындағы жер учаскелерін иеленген заңды тұлғаның құрылтайшылары Иранның үш азаматы екені анықталған. Прокуратура мәліметінше, аталған жер учаскелері Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын бұза отырып берілген.

Осыған байланысты Ескелді ауданының прокуратурасы мемлекет мүддесін қорғау үшін сотқа талап арыз берді.

"Сот талап арызды қанағаттандырып, 2,3 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жерін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды". Жетісу облысы прокуратурасы

Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Жалпы, прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде Жетісу облысында мемлекетке жалпы құны 1,7 млрд теңгеден асатын 41,1 мың гектардан астам жер қайтарылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: