Қостанай облысында мемлекетке қайтарылған 3 мың гектар жер кәсіпкерлерге конкурс арқылы беріледі
Фото: pexels
Қостанай облысы Қарасу ауданының прокуратурасы ұзақ уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі 2026 жылғы 9 қарашада қабылданған шаралардың нәтижесін хабарлады.
"Жалпы аумағы 3 мың гектар, кадастрлық құны 68 млн теңге болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды", – делінген хабарламада.
Прокуратураның мәліметінше, алдағы уақытта бұл жерлер кәсіпкерлерге конкурс арқылы беріледі. Учаскелерді жерді нысаналы мақсатына сай пайдаланатын кәсіпкерлерге беру жоспарланып отыр.
2026 жылғы 2 қарашада Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 75 жастағы тұрғынның пайдасына шешім шығарғанын хабарлаған едік. Ол қараусыз қалған саяжай учаскесін он жылдан астам уақыт бойы өңдеп, жерді өз атына жеке меншікке рәсімдеуге тырысқан.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript