J.P. Morgan Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарына Index Watch-Positive мәртебесін берді
Фото: pexels
J.P. Morgan Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздарын GBI-EM индексіне енгізу мүмкіндігін қарастырып, оларға Index Watch-Positive мәртебесін берді. GBI-EM — дамушы нарықтардың мемлекеттік облигацияларына арналған негізгі халықаралық индекстердің бірі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан индекс құрамына енген жағдайда, GBI-EM Global Diversified индексіндегі алдын ала үлесі 0,48% болады.
"J.P. Morgan шешім қабылдау кезінде шетелдік инвесторлардың Қазақстан нарығына қатысуы артып келе жатқанын, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздардың жыл басынан бері қайталама нарықтағы орташа айлық сауда көлемі 86%-ға өскенін атап өтті. Сонымен қатар бастапқы дилерлер институтының дамып, нарық өтімділігінің артқаны көрсетілген". ҚР Ұлттық банкі
Қазақстанды бағалау процесі 12 айға дейін созылады. Осы кезеңде нарықтың өтімділігі, оның халықаралық инвесторлар үшін қолжетімділігі және есеп айырысу-депозитарлық инфрақұрылымының даму үрдісі бағаланады.
Index Watch-Positive мәртебесі Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына шетелдік инвестиция тартуға және инвесторлар базасын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript