"Қазгидромет" жеті қала тұрғындарына ескерту жасады

Смог, загрязнение воздуха, выхлопы, пелена, дымка, смог в Алматы, загрязнение воздуха в Алматы, грязный воздух в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2026 09:20 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 2026 жылғы 10 қазанда Қазақстанның бірнеше қаласында ауа ластануының жоғары деңгейі күтілетінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, 10 қазанда Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Теміртау, Қарағанды қалаларында, сондай-ақ түнде Жезқазғанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, баяу жел, тұман, температуралық инверсия) үйлесуі.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 2026 жылы 10 қазанда Астана мен еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жасаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: