Астанада кондиционер орнатып жүрген жұмысшы 15-қабаттан құлап кете жаздады
Сурет: pexels
Астанада құтқарушылар шамамен 50 метр биіктікте кондиционердің кронштейніне ілініп қалған ер адамды аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға 2026 жылғы 10 қазанға қараған түні Есіл ауданындағы Сауран көшесінде болған. Кондиционер орнатып жүрген жұмысшы биіктіктен құлап, тұрғын үй кешенінің 15-қабаты деңгейінде ілініп қалған.
"Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері автосатының көмегімен 1990 жылы туған ер адамды құтқарып, жерге түсірді", – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Құтқарушылар биіктікте жұмыс істеген кезде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, жарамды жеке қорғаныс құралдарын пайдалану қажеттігін еске салды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript