Оқушы алаяқтарға ата-анасының 47 млн теңгелік ақшасы мен әшекей бұйымдарын беріп қойған

Оқушы алаяқтарға ата-анасының 47 млн теңгелік ақшасы мен әшекей бұйымдарын беріп қойған, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2026 12:17 Сурет: freepik
Ресейде 12 жастағы оқушы алаяқтардың арбауына түсіп, ата-анасының жинаған ақшасы мен әшекей бұйымдарын оларға беріп қойған. Келтірілген шығын 47,6 млн теңгеге бағаланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

МК.ru басылымының жазуынша, алаяқтардың құрбаны Мәскеу қаласында тұратын мектеп оқушысы болған. Ол интернет арқылы бір қызбен танысқан. Кейін жасөспірімге өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған адамдар хабарласқан.

Олар баланы бейнебайланыс арқылы пәтерде "тінту" жүргізуге көндірген. Олардың сөзіне сенген оқушы сейфтен 9 млн рубльге (47,6 млн теңге) бағаланған ақша мен зергерлік бұйымдарды алып, алаяқтардың курьеріне тапсырған.

Кейін курьер ұсталды. Ол Мәскеу облысының 18 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ұрланған мүліктің бір бөлігі иелеріне қайтарылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: