Рыбакина Алматыны сүйікті қалаларының бірі деп атады

Рыбакина Алматыны сүйікті қалаларының бірі деп атады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2026 14:36 Сурет: Instagram/lenarybakina
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина үшін ерекше орны бар қалалардың қатарына Мәскеу, Мельбурн және Лондон да кіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың бірі спортшының туған қаласы болса, енді бірінде достары тұрады, ал Лондон оған Уимблдондағы жеңісімен қымбат.

Қазақстандық теннисші өзі ұнататын қалалар туралы қытайлық жанкүйерлерге арналған жобада айтып берді. Спортшы әр қаланың өзі үшін неліктен қымбат екенін түсіндірді.

"Мен Мәскеуді атар едім, өйткені сол жерде дүниеге келдім. Алматыны жақсы көремін. Ал Мельбурн мен Лондонда көп досым бар. Сондай-ақ Лондонда Уимблдон турнирінде жеңіске жеттім", – деді Елена Рыбакина.

Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина бір аптаға Қазақстанға келетінін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: