Баянауылда бір топ арқар видеоға түсіп қалды

Баянауылда бір топ арқар видеоға түсіп қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2026 16:04 Сурет: Instagram/qazaqormany и bayangnpp
2026 жылғы 13 қазанда Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде түсірілген арқарлар бейнежазбасын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандар видеоға қатысты пікір білдіріп, Баянауыл табиғаты тағы да ерекше кездесудің куәсі болғанын атап өтті.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары аумақты кезекті тексеру барысында "Қазавиаорманқорғау" қызметкерлерімен бірге бір топ арқарды кездестірді. Баянауылдың жартасты ландшафттары мен кең байтақ даласында еркін жүрген арқарлар жергілікті табиғаттың байлығы мен сұлулығын тағы бір мәрте еске салды", – деп хабарлады комитет сейсенбі күні.

Мамандардың айтуынша, мұндай кездесулер – жай ғана әсерлі кадрлар емес. Бұл ұлттық парктегі жануарлар дүниесінің сақталып келе жатқанын және табиғи ортаның жабайы жануарлардың мекендеуіне қолайлы екенін көрсететін маңызды дәлел.

"Арқар – Қазақстан далалары мен тауларының жабайы табиғатын бейнелейтін ең айбынды нышандардың бірі. Оны табиғи ортасында көру – әрдайым ерекше сәт. Баянауылдың кең даласында еркін жайылып жүрген арқарлар – табиғаттың күш-қуаты, үйлесімі мен шынайы сұлулығын сезіндіретін тірі көрініс", – деп мәлімдеді комитет.

Мамандар атап өткендей, мұндай кездесулер табиғатты тұрақты бақылаудың және оны қорғау жұмыстарының қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: