Қазақстан Еуропаға қандай шикізат жеткізеді? Тоқаев Бельгиямен жаңа жобаларды атады

Қазақстан Еуропаға қандай шикізат жеткізеді? Тоқаев Бельгиямен жаңа жобаларды атады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2026 18:53 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика және мұнай химиясы салаларындағы ынтымақтастық перспективасына баса назар аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан еуропалық нарыққа тұрақты түрде мұнай жеткізеді. Сонымен қатар жаңартылатын қуат көздері, энергия тиімділігін арттыру, өнеркәсіпті декарбонизациялау және сутегі өндірісі салаларындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор. Бельгия компанияларын шикізатты терең өңдеу, химия өнеркәсібі және қосылған құны жоғары полимер өнімдерін шығару бағыттарында бірлескен жобаларды іске асыруға шақырамын", – деді Мемлекет басшысы.

Президент жасыл энергетикаға көшу және цифрлық экономиканы дамыту аса маңызды минералдар саласындағы өндірістік кооперация мүмкіндіктеріне жол ашатынына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипптің мемлекеттік сапары аясында аса маңызды минералдар бойынша Қазақстан-Бельгия дөңгелек үстелі ұйымдастырылғанын атап өтті.

"Еліміз Еуропа өнеркәсібі үшін ауадай қажет 34 шикізат түрінің 21-ін өндіреді. Сонымен қатар Бельгияға титан мен молибден өнімдерін тасымалдайды. Біздің ресурс әлеуетіміз бен Бельгияның инвестициясын, технологиясы мен білім-білігін ұштастыра отырып, осы өте маңызды салада стратегиялық серіктестік құра аламыз. Бүгінгі іс-шараның нәтижесі нақты инвестициялық және технологиялық жобаларға ұласады деп үміттенемін. Мақсатымыз – отандық өңдеу өнеркәсібін өркендетіп, қосылған құны жоғары тауар шығару. John Cockerill және Qarmet компаниялары мырышталған болат пен қорғаныш жабындарын өндіру бойынша серіктестікті жолға қоймақ. Бельгиялық әріптестердің геологиялық барлау, шикізат және металл өңдеу жобаларына қатысуын құптаймыз", – деді Президент.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: