Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар пайда болады

Церемония вручения государственных наград, государственные награды, вручение медалей, вручение орденов, церемония награждения, награждение, орден, ордена, медаль, медали, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2026 15:02 Фото: akorda.kz
Құрылтай депутаттары 2026 жылғы 14 қазанда палатаның жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды екінші оқылымда мақұлдап, үшінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Заң жобасына берілген қорытындыда құжаттың президент тапсырмасын орындау мақсатында әзірленгені көрсетілген. Ол "Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын тағайындауға, сондай-ақ мемлекеттік наградалар туралы заңнаманың жекелеген ережелерін жетілдіруге және редакциялық нақтылаулар енгізуге бағытталған.


"Заң жобасы 2026 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырысында бірінші оқылымда мақұлданды. Заң жобасымен жұмыс барысында Әлеуметтік-мәдени даму комитеті оның нормаларын заң техникасы талаптарына сәйкестендіріп, мазмұнын сапалық тұрғыдан жақсарту жұмысын жүргізді", – делінген құжатта.

Бұған дейін Құрылтай депутаттары 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: