Жамбыл облысында колледж директоры жалақыны артық төлгені үшін айыппұл арқалады

Жамбыл облысында колледж директоры жалақыны артық төлгені үшін айыппұл арқалады, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2026 19:02 Сурет: Telegram/jambyl_sottary
Жамбыл облысында сот анықталған заңбұзушылықтарды жоймаған колледж директорына қатысты қаулы шығарды. Бұл туралы 2026 жылғы 19 қазанда соттың Telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары берген заңды нұсқамаларды орындамау фактісі бойынша азамат И.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі Жуалы аудандық соты қарады. Оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабы 3-бөлігі бойынша айып тағылған.

"Сот қаулысымен азамат И. ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 64 мың теңге көлемінде айыппұл салынды", – делінген Жамбыл облысы Жуалы аудандық сотының хабарламасында.

Сот анықтағандай, 2026 жылғы наурызда Жамбыл облысының тексеру комиссиясы Жуалы ауданындағы колледждің бюджет қаражатын жұмсауына тексеру жүргізген.

Тексеру нәтижесінде бірнеше заңбұзушылық анықталды. Атап айтқанда, колледждің бірнеше қызметкеріне жалақы артық төленген. Сондай-ақ колледж ғимаратын күрделі жөндеу кезінде бюджет қаражатының артық жұмсалғаны белгілі болды.

Комиссия заңбұзушылықтарды қыркүйекке дейін жою туралы нұсқама берген. Алайда кемшіліктер толық түзетілмегендіктен, колледж директорына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енгені хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: