Астанада балаларды балабақшаға орналастыруға уәде берген әйел сотталды

Детский сад, детские сады, детсады, детский садик, детские садики, дети, няни, няня, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2026 10:22 Фото: Zakon.kz
Астана тұрғыны алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Ол ата-аналарға балаларын балабақшаға орналастыруға көмектесетінін айтып, алдаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 21 қазанда елорда прокуратурасы хабарлағандай, Астана тұрғыны сегіз ай бойы 2GIS қосымшасы арқылы балаларын балабақшаға орналастырғысы келетін ата-аналарды іздеген.

"Ол ата-аналармен байланысып, өз қызметін ұсынған және таныстары арқылы мектепке дейінгі ұйымнан орын алып беруге көмектесетініне сендірген", – делінген хабарламада.

Нәтижесінде тоғыз адам әйелге сеніп, оған 590 мың теңге аударған. Алайда балабақшадан орын ала алмаған. Сот жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қанағаттандырды. Астаналық әйел кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

Қала прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және мектепке дейінгі ұйымдардағы орындарды бөлу мәселелері бойынша тек ресми порталдар мен уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуге шақырды.

Бұған дейін Ақтауда баласын бір апта бойы балабақшаға апарған әйел жұмысынан кетуге мәжбүр болған. Құжаттарды рәсімдеу кезінде кеткен қателікке байланысты баланы балабақшаға енді әкелмеуін сұраған. Отбасы Indigo жүйесі арқылы ваучер алып, онлайн келісімшарт жасасып, тамақтану ақысын төлеген. Алайда кейін баланың балабақшаға қабылданбағаны анықталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: