Ауыл шаруашылығының одан әрі қарқынды дамуына барлық күш-жігерімізді салуымыз қажет – Президент
Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында фермерлерді ұзақ мерзімді инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету үшін тиімді қаржыландыру тетіктері енгізілуі керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің айтуынша, былтыр ауыл шаруашылығы шамамен 6%-ға өсіп, агроөнеркәсіп кешенінде өндірілген өнім көлемі 15 трлн теңгеге жеткен.
Сондай-ақ жеңілдетілген шарттармен қаржыландыру көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 1 трлн теңгеден 1,5 трлн теңгеге дейін ұлғайған.
Дегенмен Мемлекет басшысы бөлінген қаражаттың бір бөлігі күнделікті қажеттіліктер мен айналым қаражатын толықтыруға жұмсалып жатқанын атап өтті.
"Шаруаларға алдағы жұмысын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік беретін кең ауқымды қаржыландыру жүйесі керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осыған байланысты Үкіметке фермерлерді ұзақ мерзімді инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету үшін тиімді әрі пәрменді тәсілдерді енгізу тапсырылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript