Президент: бизнеске қолдан заңсыз тосқауыл жасау – мемлекетке қарсы жасалған қылмыс

Экономика, предпринимательство, бизнес, инвестиционные контракты, рост экономики, экономический рост, накопление, накопления, сбережение, сбережения, деньги, финансы, инвестирование, инвестиции, капитал, отложения, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2026 11:57 Фото: pixabay
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметтің алдына орта бизнесті дамыту жөнінде арнайы жоспар әзірлеу міндетін қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 40 пайызға жеткен. Ал негізгі капиталға тартылған инвестициядағы үлесі 70 пайызға жақындап келеді.

Президент шағын бизнестің көптеген елде экономиканың қозғаушы күші саналатынын атап өтті. Сонымен қатар осы саладағы кәсіпкерлер қызметін әртараптандыру қажеттігіне назар аударды.

"Бүгінде бұл саладағы кәсіпкерлердің үштен бірінен астамы саудамен айналысады. Сол себепті шағын бизнес құрылымын әртараптандыруға баса мән беру қажет деп үнемі айтып жүрміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы орта бизнесті дамытуға арналған жоспарда кәсіпорындарды қаржыландыру мен жаңғыртудың нақты тетіктері қамтылуы керектігін айтты.


"Құжатта кәсіпорындарды ұзақмерзімді қаржыландыру әрі технологиялық тұрғыдан жаңғырту тетіктері көрсетілуі қажет. Орта бизнес өкілдерінің ірі кәсіпорындармен тығыз жұмыс істеп, оларға өз өнімдерін өткізуіне жағдай жасау керек", – деді президент.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: