Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Деньги, тенге, национальная валюта РК, курс тенге, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2026 12:21 Фото: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы ең төменгі жалақы мөлшері кезең-кезеңімен ұлғая беретінін айтты.

"Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын. Осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуға тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді.

Сонымен қатар мемлекет басшысы алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғыртуға ерекше мән берілетінін жеткізді. Осы бағытта жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту қажет.

"Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырамын. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын өсіруге мүмкіндік береді", – деді президент.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: