Тоқаев барлық республикалық және жергілікті автожолды сапалы салуды тапсырды
Фото: Zakon.kz
2027 жылы барлық автомобиль өткізу пунктін сапалы реконструкциялау жұмыстарын аяқтау қажет. Бұл туралы 2026 жылғы 28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс соңғы уақытқа дейін жүйесіз жүргізілген.
"Біздің алдымызда барлық автомобиль жолын – республикалық және жергілікті жолдарды сапалы салу міндеті тұр. Орталықтағы және жергілікті жерлердегі атқарушы органдар түрлі ережелер мен регламенттерді алға тартып, жауапкершілікті бір-біріне ысыра берген. Соның салдарынан бұл мәселе тұралап қалды. Сондықтан республикалық маңызы бар, яғни барлық жолдың шамамен 26 пайызын құрайтын орталық жолдар болсын, әкімдіктердің қарауындағы жергілікті жолдар болсын, барлығына Көлік министрлігі атынан Үкімет жауапты болуы керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы жолдардың сапасына ерекше назар аудару қажеттігін тағы да атап өтті.
"Бізге өте сапалы жолдар қажет. Битум мен қиыршықтастың сапасын сылтау етуге болмайды", – деді Президент.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript