Қазақстанда ауыз су тарифтерін реформалау 2027 жылдың қаңтарына дейін аяқталады

Кран с водой, вода, водоснабжение, система водоснабжения, отсутствие воды, отключение воды, раковина, горячая вода, холодная вода, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2026 15:08 Фото: unsplash
Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылғы 29 қазанда Үкімет отырысында су шығынын азайту және су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану жұмысын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет басшысының айтуынша, егіс алқаптарын жоспарлау кезінде су шаруашылығы балансының сақталуына ерекше назар аудару қажет.

"15 желтоқсанға дейін жасанды интеллект элементтері бар Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесінің толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Ұлттық экономика министрлігіне Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірлесіп, ауыз суды тұтыну саласындағы тарифтік реформаны 2027 жылғы қаңтарға дейін аяқтауды тапсырамын", – деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар премьер-министр суды ұқыпты пайдалануға және су үнемдеу технологияларын енгізуге экономикалық ынталандыру тетіктерін қалыптастыру қажет екенін атап өтті.

"Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне Су ресурстары және ирригация министрлігімен және өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, суды көп тұтынатын нысандардың техникалық, айналымдық және қайталама сумен жабдықтау жүйесіне көшуін қамтамасыз ететін ауыз суды үнемдеу тетіктерін әзірлеуді тапсырамын", – деп толықтырды Үкімет басшысы.

Бұған дейін Қазақстанда жыл сайын 260 млн текше метрге дейін су үнемдеу жоспарланып отырғанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: