Қазақстанда цифрлық теңгені қолдану аясы кеңейтіледі

Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, валюта, разные валюты, обменник, обменники, обменный пункт, доллары, курс доллара, курс доллара к тенге, доллар и тенге, доллары и тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2026 13:44 Фото: Zakon.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылғы 15 қыркүйекте өткен Үкімет отырысында цифрлық теңгені қолдану аясын кеңейтуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Үкімет басшысы цифрлық теңгені енгізу аса маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.

"Бұл жоба төлем инфрақұрылымын жаңғырту және қаржы жүйесінің тиімділігін арттыру тетігі ретінде жүзеге асырылып жатыр. Криптовалюталардан айырмашылығы, цифрлық теңге – Ұлттық банк шығаратын орталықтандырылған цифрлық валюта. Яғни ол заңды төлем құралы саналады", – деді Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, цифрлық теңгені қолданудың маңызды нәтижелерінің бірі – мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру.


"Цифрлық теңге цифрлық қаржы қызметтерін дамыту құралына айналуы мүмкін. Цифрлық шарттар жасасу мүмкіндігі мемлекеттік сатып алулар мен корпоративтік операциялардағы есеп айырысуды автоматтандыруға жол ашады. Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен және басқа да мүдделі тараптармен бірлесіп, цифрлық теңгені қолдану аясын кеңейтуге бағытталған барлық ықтимал шараны пысықтауы қажет", – деді Премьер-министр.

Бұған дейін Олжас Бектенов қазақстандықтарды криптовалюта саласындағы алаяқтықтың жаңа түрлерінен қорғауды тапсырған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: