Астана мен Алматыдан қатынайтын бағыттарға жаңа Stadler вагондары қосылады

Астана мен Алматыдан қатынайтын бағыттарға жаңа Stadler вагондары қосылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2026 17:00 Сурет: akorda.kz
Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров 2026 жылғы 4 қарашада Үкімет отырысында жаңа Stadler вагондары қай бағыттарда қатынайтынын және жолаушылар олармен алғаш рет қашан сапарға шыға алатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мақсат Қалиақпаровтың айтуынша, әңгіме 106 жаңа вагон туралы болып отыр.

"Иә, осы айда (2026 жылғы қарашада – ред.) іске қосамыз. Әзірге нақты күні белгісіз", – деді ол.

Вице-министрдің сөзінше, негізгі бағыттар Астана мен Алматыдан өңірлерге қарай болады. Себебі әзірге вагондарға техникалық бақылау жүргізу мүмкіндігі тек осы екі қалада бар.

"Бақылау әзірге екі қалада ғана бар: Астана мен Алматыда. Мысалы, Астана – Қостанай, Астана – Алматы, Астана – Қызылорда бағыттары. Бұл бағыттарда "Тальго" пойыздары қатынайды. Кеңес дәуірінен қалған ескі вагондар пайдаланудан шығарылады", – деп толықтырды вице-министр.

Вагон паркін жаңарту жоспарлары туралы 2025 жылғы қарашада хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: