Айнұр Әбдірахманова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды

Айнұр Әбдірахманова, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, вице-министр, тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2026 18:53 Сурет: primeminister.kz
ҚР Үкіметінің қаулысымен Айнұр Әбдіғақарқызы Әбдірахманова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 4 қарашада Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Айнұр Әбдірахманова 1984 жылы Ақмола облысында дүниеге келген, Д.А. Қонаев атындағы университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын ол 2005 жылы Ақмола облысы Қорғалжын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бастаған.

  • 2007-2008 жылдары — Ақмола облысы Целиноград ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, әлеуметтік нормативтер және әлеуметтік көмек бөлімінің бас маманы, бастығының м.а., бастығы.
  • 2008-2014 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер департаменті басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы.
  • 2014-2017 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Әлеуметтік көмек департаменті әлеуметтік қолдау басқармасының бас сарапшысы.
  • 2017-2020 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы.
  • 2020-2022 жылдары — "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басқарма басшысы, бас сарапшысы.
  • 202-2024 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаменті директорының орынбасары.
  • 2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің директоры қызметін атқарды.

Ол бұл қызметте Виктория Шегайдың орнын басты. Бұған дейін Виктория Шегайдың ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылғаны белгілі болған еді.

Бұған дейін Нұрлыбек Асылбеков денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: