Нұрлыбек Асылбеков денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Нұрлыбек Асылбеков, денсаулық сақтау вице-министрі, кадрлық өзгеріс, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2026 18:54 Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Нұрлыбек Әбібуллаұлы Асылбеков денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 4 қарашада Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрлыбек Әбібуллаұлы Асылбеков 1966 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Шымкент қаласындағы Алматы мемлекеттік медицина институтының филиалын, М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын ол 1990 жылы "Фармация" РПП-де провизор-технолог ретінде бастаған.

1991-1994 жылдары — "Фармация" РПП директорының орынбасары, Шымкент облысы.

1994-2000 жылдары — "Фармация" АҚ-ның аудандық филиалы директорының орынбасары, бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

2000-2002 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының бас маманы.

2002-2012 жылдары аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарындағы, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларындағы басқармалары мен департаменттерін басқарған.

2012-2015 жылдары — ҚР Премьер-министрі Кеңсесі бөлімінің бас сарапшысы.

2015-2017 жылдары — Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.

2017-2022 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.

2022-2025 жылдары — Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

2025 жылдан қазіргі уақытқа дейін "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: