Алматы метросында ұзын-сонар кезек пайда болды. Метрополитен себебін түсіндірді
Фото: unsplash
2026 жылғы 9 қарашада таңертең Алматы метросының кіреберісінде ұзын-сонар кезек пайда болды. Оған "Оңай" жүйесінде жолақыны QR-код арқылы төлеу кезінде болған ақау себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматылықтар әлеуметтік желілерде кезекте тұрған жолаушылардың видеоларын жариялап, жағдайға шағымданды.
"Дүйсенбі күні таңертең Алматы метросының кіреберісіндегі жағдай осы. Баланы балабақшаға апарудың өзі бір сынақ болды", – деп жазды Threads желісінде sati_jussupova есімді қолданушы.
Осы жағдай түсірілген тағы бір видеоны asem.br есімді қолданушы бөлісті.
Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі Zakon.kz сауалына берген жауабында ақаудың жойылғанын хабарлады.
"Бүгін сағат 06:30-дан бастап техникалық себептерге байланысты Алматы метросының барлық станциясында жолақыны "Оңай" жүйесінің QR-коды арқылы төлеу уақытша мүмкін болмады. Осы аралықта жолаушылар "Оңай" көлік картасымен, банк картасымен, Apple Pay және Samsung Pay арқылы әдеттегідей төлем жасай алды. Қағаз QR-билеттер де қабылданды. Сағат 09:30-да "Оңай" жүйесіндегі техникалық ақау толық жойылып, QR-код арқылы төлем қабылдау қалпына келді. Келтірілген қолайсыздық үшін жолаушылардан кешірім сұраймыз", – деп мәлімдеді метрополитеннің баспасөз қызметі.
"Оңай" жүйесінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты кейінірек түсініктеме беретінін хабарлады.
Еске салайық, 2026 жылғы 5 қарашада таңертең Алматы метросында штаттан тыс жағдай болып, жолаушылар сыртқа шығарылған, пойыздар қозғалысы уақытша тоқтатылған еді. Оқиғаның мән-жайын мына сілтемеден оқи аласыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript