Тоқаев қазақ тілінің шет тілдерімен байланысын кеңейтуді тапсырды

Тоқаев қазақ тілінің шет тілдерімен байланысын кеңейтуді тапсырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2026 12:27 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін халықаралық тілдер қауымдастығында дамыту үшін БҰҰ-ның негізгі ресми тілдерімен байланыстыратын екі тілді және көптілді сөздіктер әзірлеу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, ана тілінің өзге тілдермен байланысын қамтамасыз ету маңызды. Осы орайда ол "Қазақ тілі" қоғамы жүзеге асырған Oxford Qazaq Dictionary жобасын жалғастыруды ұсынды.

"Қазақ тілін Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі ресми тілдерімен жалғайтын сапалы екі тілді және көптілді сөздіктер әзірлейтін уақыт келді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы қазақ-француз, қазақ-испан, қазақ-қытай, қазақ-араб, қазақ-неміс, қазақ-итальян, қазақ-жапон, қазақ-корей және қазақ-парсы сөздіктерін әзірлеу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар қазақ-орыс сөздігін де уақыт талабына сай жаңартуды тапсырды.

"Тілдің халықаралық байланысын нығайту арқылы мәдени және ғылыми ықпалдастыққа жол ашылады, еліміздің зияткерлік әлеуеті артады", – деді Мемлекет басшысы.

Президент сөздіктердің электрондық нұсқасын әзірлеп, оларды тұрақты түрде толықтырып отыру маңызды екенін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: