Қазақстанда жылыту маусымының мерзімі қайта қаралуы мүмкін

Батареи, отопление, теплоснабжение, тепло, система отопления, отопительная система, отсутствие отопления, холодные батареи, радиатор, радиатор отопления, радиаторы отопления, обогреватель, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2026 16:28 Фото: freepik
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 10 қарашада Үкіметтегі брифингте климаттың өзгеруіне байланысты Қазақстандағы жылыту маусымының мерзімін қайта қарау мүмкіндігін жоққа шығармады, деп хабарлайды Zakon.kz.

БАҚ өкілдері министрліктен климаттың өзгеруін ескере отырып, Қазақстандағы жылыту маусымының мерзімін қайта қарау жоспарда бар-жоғын сұрады.

"Энергетиктер жылу беруді үнемі реттеп отырады. Бірақ кейде, былайша айтқанда, біз ауаны жылытып жатамыз. Пәтерлердің іші ыстық болғандықтан, тұрғындар терезелерді ашып қояды. Сөйтіп, бөлменің орнына сырттағы ауаны жылытып жатамыз. Жалпы, жылу электр орталықтарының жұмысы ауа райы жағдайларына, ең алдымен температураға тікелей байланысты. Сырттағы температураға қарай жылу беріледі, ал жылу тасымалдағыш жүйеге қайта оралады. Егер күн жылынса, әрине, біз мұны жұмыс барысында ескереміз", – деді министр.

Ол ауа райы жағдайларының айтарлықтай өзгергенін атап өтті. Қарашаның ортасы жақындағанына қарамастан, Астанада алғашқы қар жақында ғана жауған. Ал бұл кезеңге тән тұрақты қар жамылғысы әлі қалыптаспаған.

"Температура минус бес градусқа дейін төмендеді. Ал осы кезеңде біз минус 10–15 градус болады деп күткен едік. Естеріңізде болса, қазанның 20-сында Астанада қар жауған болатын. Қазір климат пен жауын-шашын мөлшерінің қалай өзгеріп жатқанын көріп отырмыз. Мұны егін жинау науқанынан да байқауға болады. Биыл астық кептіруге былтырғыдан әлдеқайда аз дизель отыны бөлінді. Диқандар егінді жинап алды, жаңбыр жаумады. Сондықтан астықты бұрынғыдай көп көлемде кептірудің қажеті болмады", – деп жалғастырды Ерлан Ақкенженов.

Бұған дейін Қазақстанның үш өңірінің тұрғындары жылу сапасына шағымданғаны туралы жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: