Бензин 2027 жылдың соңында күрт қымбаттауы мүмкін бе: Энергетика министрі жауап берді
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 10 қарашада Үкіметте өткен брифингте Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов кейбір сарапшылардың 2027 жылдың соңына қарай бензин бағасы едәуір өсуі мүмкін деген болжамына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Сарапшылардың пікірінше, бағаға бірнеше фактор әсер етуі мүмкін. Қазақстандағы жанармай бағасы көрші елдердегі бағамен біртіндеп теңесіп келеді. Бұған қоса, мұнай өңдеуге, отын тасымалдауға және өндіріс орындарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге жұмсалатын шығын өсіп отыр. Мұнай өндіру саласы да инвестицияны қажет етеді.
"Шынымды айтсам, бағаға болжам жасау қиын. Бірақ бензин мен дизель отынының қазір қаншадан сатылып жатқанын айта аламын. АИ-92 бензинінің литрі 253 теңгеден 271 теңгеге дейін, ал дизель отынының литрі 356 теңгеден 367 теңгеге дейін тұрады. Көріп отырғандарыңыздай, жанармай құю станцияларындағы баға айырмасы едәуір. Бір жерде отынның арзан, екінші жерде қымбат болуы әр станцияның өз шығынына байланысты шығар. Бұл бағаның нарық жағдайына қарай қалыптасатынын әрі бәсеке бар екенін көрсетеді", – деді Ақкенженов.
Министрдің айтуынша, мемлекет отын тапшылығына және бағаның күрт өсуіне жол бермеу үшін барлық қажетті шараны қабылдайды.
"Оған мүмкіндігіміз жеткілікті. Ең алдымен, елде отын қоры жеткілікті. Бензин мен дизель отынының әрқайсысынан 400 мың тоннадан астам қор бар. Мұнай өңдеу зауыттары қалыпты жұмыс істеп тұр. Өнім өндіру де, оны қалаларға жөнелту де әдеттегі тәртіппен жүріп жатыр. Қазір жанармайға сұраныстың дүрлікпе туғызатындай күрт артуына, соның салдарынан бағаның шарықтауына негіз жоқ", – деді министр.
Бұған дейін Қазақстан бензин мен мұнай өнімдерін елден әкетуге салынған тыйымның мерзімін ұзартқанын хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript